«Бірге-сенбілікке!»

«Бірге-сенбілікке!»

       18.04.15. күнге белгіленген жалпы облыстық сенбілік «Бөбек» балабақшасында да өтті. Оған балабақшаның барлық қызметкерлері және тәрбиеленушілердің ата-аналары белсене қатысты. Ойын алаңдары қоқыстардан тазартылды. Біріккен күшпен балабақша айналасын тазартып, ойын жабдықтарын бояп, ағаштардың түптерін қопсытып, әктеп, талдардың бұтақтары қиылды. Әркім жалпы іске өз үлесін қосты. Балабақшамыздың таза аймағы баршаның көзін қуантты.  Ата-аналар мен қызметкерлер жақсы көңіл-күймен, ынта-жігермен жұмыс жасады, өйткені бұл игі істің қала үшін, балабақша үшін маңыздылығын түсінді. Әдемі, таза әлемде өмір сүру қашанда жанға өте жайлы! 

Дата: 20.04.2015, 15:55 Автор: Школы и сады г. Балхаш