«Сүйікті қалам Балқаш!»

«Сүйікті қалам Балқаш!»

     Балқаш қаласының күніне орай өтіп жатқан тақырыптық апта төңірегінде, «Бөбек» балабақшасында, ересектер тобының балаларының қатысуымен «Сүйікті қалам Балқаш!» атты ертеңгілік өтті.   Ертеңгілік музыкалық шаңырақ түрінде құрылып, балаларға шат көңіл сыйлады. Балалар туған қалалары туралы тақпақтар айтып, ән шырқады, экскурсия жасап, тіпті «құрылысшы» болып жаңа ғимараттар тұрғызды.  Қонаққа Қобыланды батыр келді, балалар батырмен күш сынасып, арқан тартысты, атпен шауып теңге жинау сайысына қатысты. Мерекелік ертеңгіліктің соңында Балқаш әнұраны шырқалды.

Дата: 12.04.2015, 16:31 Автор: Школы и сады г. Балхаш