Дарынды суретшілер!

Дарынды суретшілер!

2014 жылдың 26 сәуірінде М.Горький атындағы ЖББ№1ОМ   КММ –де «Ортақ мекен-жер шары» атты  1-мамыр  «Қазақстан халықтарының бірлігі күніне»  арналған балалар мерекесі болып  өтті. Бейбітшілік, бірлік,  достық  және халықтар  ынтымақтастық  рухы мерекесін , бірінші мектеп оқушылары  М. Алманова мен  М..Шукенова салтанатты жиынмен ашты. Біздің ұлы Отанымыз -Қазақстан. Біздің республикамыз  көпұлтты : қазақтар мен орыстар, украиндар мен беларустар,татарлар мен немістер, корейлер мен поляктар, өзбектер мен ұйғырлар тағы басқада ұлт өкілдері Бірінші мамыр мерекесін қарсы алады.

Бейбітшілік, достық, құрмет, мейірімділік сөздері әр ұлт тілінде әр түрлі айтылады. Бірақ біз,  осы сөздер біздің өмірімізде  маңызды екенін түсінеміз.

         Асфальтқа сурет салу байқауына  16 мектеп оқушылары қатысты.Балалар өз мектептері, қалалары, Отандары Қазақсатан үшін  намысқа тырысып, балалар жайлы музыка  ырғағымен, сұр асфальтты ертегіге айналдырды.

         Әділ-қазылардың қатал, әрі дұрыс шешімі бойынша  ІІІ орынды ЖЖБ№1ОМ, ЖЖБ№5ОМ, ЖЖБ№9ОМ, ЖЖБ№15ОМ, ЖЖБ№17 ОМ және ЖЖБ№2ОМ, Гимназия бөлісті. ІІ  орынды  №7 Гимназия, ЖЖБ№10ОМ, ЖЖБ№25ОМ, ЖЖБ№24ОМ ие болды. І орынды ЖЖБ№8ОМ, ЖЖБ№16ОМ, ЖЖБ№3ОМ,  ЖЖБ№4ОМ  және  «Сиқырлы бояу» Бас жүлдені №2 интернат иеленді.Сендерге алда табыс тілейміз. Қазақтың бір  мақалын келтіре кетейін: «Құс қанатымен күшті, адам достығымен күшті»

Дата: 30.04.2014, 8:48 Автор: Школы и сады г. Балхаш