Барлық қызық - оқу елінде

Барлық  қызық - оқу елінде

Жалпы білім беретін №1 орта мектебінде  3-5 сынып оқушылары үшін  «Барлық  қызық - Оқу елінде» атты  қалалық  кітаптар мерекесі    өтті. Балалар,  безендірілген мерекелік  залдан  2014 жылғы мерей той  иелерінің   кітаптар көрмесін  тамашалады.

Балалар әдебиетінің  ең үздік үлгілерімен, осы кітаптарға жасалған презентациямен жақын танысты. Олар  Н. Носовтың «Дымбілместің басынан кешкендері» шығармасы бойынша  әдеби  сөзжұмбақты шешуге  үлкен қызығушылықпен  қатысты. Оқушылар сыйқырлы шумақпен Жұмбақ орманға саяхат жасады.  №3 интернат оқушылары  А. Толстойдың «Алтын  кілт немесе Буратиноның басынан кешкен оқиғалары» кітабы бойынша театрлық қойылым көрсетті.  Ең үздік оқырмандар  Балқаш қаласының білім,  дене шынықтыру және спорт бөлімінің  мақтау қағаздарымен  марапатталды.

Дата: 21.04.2014, 11:51 Автор: Школы и сады г. Балхаш