Қалалық 3-4 сыныптар арасында «Абайды оқы, ерінбе!» атты мәнерлеп оқудан сайыс

Қалалық 3-4 сыныптар арасында  «Абайды оқы, ерінбе!»  атты мәнерлеп оқудан сайыс

2014 жылдың 27 наурыз күні №7 мектеп-гмназиясында қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі  бастауыш сынып әдіскерінің ұйымдастыруымен 3-4 сыныптар арасында «Абайды оқы, ерінбе!»  атты мәнерлеп оқудан сайыс болып өтті. 

Мақсаты: қазақтың ұлы ақыны Абайдың шығармашылығын өскелең ұрпаққа насихаттау, бастауыш сынып оқушыларының проза, поэзияға ұлттық ақындардың шығармашылығына баулу арқылы өз еліне, қаласына деген құрметін, патриоттық сезімін тәрбиелеу.

Ереже бойынша 3 сынып оқушылары өлең оқыса, 4 сынып оқушылары қара сөзден сайысты. Сайыс екі тілде өткізілді. Қазақ бөлімінің 4 сыныптарынан 13 оқушыдан сұраныс түссе, 3 сыныптардан 13 оқушы өз өнерін ортаға салды. Орыс бөлімі бойынша 3 және 4 сыныптардан 6 оқушыдан қатысты.                                                                                                                                           

Сайыста  үздік болып көзге түсіп, бас жүлдені жеңіп алған №16 мектептің 3 сынып оқушысы  Қуанышбекова Әйнгерім мен Абай атындағы №2 лицейдің 4 сынып оқушысы Несіппек Жаннұрды  атап өтуге болады.

Бірінші орын иеленгентөмендегі мектептердің оқушыларын атап өтуге болады: 3 сынып оқушылары арасында №7 мектеп-гимназияның 3 сынып оқушысы Сергеев Жан, №15 орта мектептің оқушысы Жумашев Елжан, 4 сынып оқушылары арасында  №15 орта мектеп Сапарбек Зайтуна, Абай атындағы №2 лицей Толепбекова Мерей, №10 мектептің 3 сынып оқушысы Нурмухаметова Камелия және гимназияның 4 сынып оқушысыТурутин Даниил.

Екінші орынға ие болған3 сынып оқушылары арасында №5 мектеп Русланқызы Баян, №8 мектеп  Ахметжанов Алихан, 4 сынып оқушылары арасында №25  мектеп Толеухан Әділхан, №8 мектеп Серикова Алина, №10 мектептің 3 сынып оқушысы Гофман Бертхольт, 4 сынып оқушылары №1 мектеп Сотникова Милана, №4 мектеп Холобудко Ангелина.

Үшінші орын иеленген3 сынып оқушылары арасында Абай атындағы №2 лицейдің оқушысы Сәттібай Ерасыл, №7 мектеп-гимназияның оқушысы Абдикаримова Арайлым, №25 орта мектептің оқушысы Қалижан Мағжан және №3 мектеп-интернатының оқушысы Өсербай Мэлс, №1 мектеп Кропоткина Анна, №3 мектеп-интернаты Кален Актілеухан. 4 сынып оқушылары арасында гимназияның оқушысы Махметов Мұхамедия, №7 мектеп-гимназияның оқушысы Айдос Тоғжан, №10 мектеп Денисова Ольга.

Дата: 3.04.2014, 6:42 Автор: Школы и сады г. Балхаш