БІРІНШІ ЖЕҢІС

БІРІНШІ ЖЕҢІС

        Алматы қаласында  2014 жылдың 16-шы наурыз айында  мемлекеттік қуыршақ театрында республикалық фестиваль-конкурс «Куншуақ kz» өтті. Балалардың творчествалық мерекесін ұйымдастырған қоғамдық қоры «КҮНШУАҚ kz» болды.Онда «Алпамыс» балабақшасының 3 жастағы тәрбиеленушісі  Мукеева Эльнара вокал наминациясынан қатысты.

       Эльнараның бірінші вокалдық орындау қабілетін тәрбиешісі Козыкенова Фарида Барисовна байқап, музыка жетекшісі Самал Ермековна оған даусына келетін «Милая мама моя» әнін таңдады. 

        Жоғарғы дәрежедегі фонаграмма көмегімен және Эльнараның ән айту шеберлігімен мен 1 ай көлеміндегі  дайындық өзінің жемісін берді - «Алғашқы қадам» республикалық фестиваль-конкурсынан 1-орын бұл біздің бүлдіршін Эльнараның жеңісі!

       Эльнараны, ата-анасын, сонымен бірге Самал Ермекқызын бірінші және үлкен жеңістері үшін құттықтаймыз! Келешекте творчествалық табыс тілейміз!

Дата: 28.03.2014, 4:07 Автор: Школы и сады г. Балхаш