V республикалық «ДАРЫНДЫ ОҚУШЫҒА – ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ» сайысы

V республикалық «ДАРЫНДЫ ОҚУШЫҒА – ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ» сайысы

«Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Елбасының Жолдауында жарияланғандай, көрсетілген бағыттардың ішінде заманауи технологияны меңгерген кадрларды дайындау, жастарға сапалы білім беру ең басымды  бағыт, себебі мемлекетімізді дамытудың басты қозғаушы күші жастар деп  айтқаны білім-ғылым саласында еңбек етіп жүрген оқытушыларға арналып айтылған міндеті деп білеміз.

2014 жылдың 13 наурыз күні Облыстық білім басқармасы мен «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының басшылығымен Қарағанды қаласының №63 жалпы білім беретін орта мектепте V республикалық «ДАРЫНДЫ ОҚУШЫҒА – ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ» облыстық педагогикалық олимпиада өткізілді. Олимпиаданың негізгі шарттары, мұгалімдердің педагогикалық идеяларымен, жобаларымен, шығармашылық нәтижелерімен алмасу. Жалпы олимпиада 3 номинация бойынша өтті.

Бірінші кезең «Жас маман» номинациясы бойынша психолог, тәлімгер, әлеуметтік педагог мұғалімдер арасында 14 сайыскер қатысты. Осы сайыстың нәтижесінде №8 орта мектептің тәлімгері Мухамеджанова Мөлдір Мухамедкаримовна бірінші орынға ие болып, өз әріптестерінен оқ бойы озып шықты.

 

Екінші  кезең «Жас маман» номинациясы бойынша пән мұғалімдер арасында 17 сайыскер қатысты. Бұл кезеңнің қорытындысы нәтижесінде №15 орта мектептің ағылшын пәні мұғалімі Тілеубек Амангүлде бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

           Үшінші кезең «Жоғарғы сынып оқушылары» номинациясы бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында 6 команда қатысты. Сайыстың қорытындысы нәтижесінде №2 лицейдің «Болашақ» командасы бірінші дәрежелі дипломдарды иеленді.

Барлық жеңімпаздарымыз мамыр айында сайыстың республикалық кезеңіне қатысып, Қарағанды облысының намысын қорғайды.

Дата: 20.03.2014, 6:46 Автор: Школы и сады г. Балхаш