«Жаңа ғасыр жастар көзімен»

«Жаңа ғасыр жастар көзімен»

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған Республикалық «Жас Ұлан» ББЖҰ қаламызда 3 жыл қарқынды жұмыс жасауда.Ұйым өз алдынаөскелең жас ұрпақтың бойына патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастырады.

Оқушылар сарайында 2014 жылдың 29 қаңтарында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар  мен  жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен  «Жаңа ғасыр жастар көзімен» атты ақпаратты-насихаттау байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: Елбасы, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауын іске асыру негізінде ұйымдастырылды.   Байқау екі кезеңнен өтті. Бірінші кезең бойынша  мектеп ақпарат орталықтарының мануалдар көрмесі жүргізілді.  Байқауда «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының 7 бағыт бойынша есептері қорғалды.  Қорғау жұмыстары үгіт - насихат топтары арқылы көрсетілді.

Байқау жеңімпаздары арнайы грамота және сыйлықтармен  марапатталды. Бірінші кезең бойынша  мануалдар  байқауы бойынша

№ 10 орта мектеп – «Шығармашылық ерекшелігі»

№ 15 орта мектеп – «Өзекті басылым»

№ 17 орта мектеп – «Өзекті материал»

№  3 орта мектеп – «Жас қалам»

№ 7 орта мектеп – «Елжандылық»номинацияларға ие болды.

 Сонымен қатар екінші кезең бойынша І орын - № 10 орта мектеп;  ІІ орын -№  3 орта мектеп; ІІІ орын - №7 мектеп-гимназиясы жүлделі орынмен және «Мәнерлі топ» номинациясымен 24 орта мектеп, «Шығармашылық топ»номинациясы бойынша -№2 лицей  марапатталды.

Дата: 4.02.2014, 6:56 Автор: Школы и сады г. Балхаш