Қысқы ертегілер әлемінде

Қысқы ертегілер әлемінде

2014 жылдың 3ақпанында ЖММ «Дошкольник БГМК» филиалының «Алпамыс» балабақшасында жас маман тәрбиешілер арасында «Қысқы ертегілер әлемі» атты  балабақшаның серуен алаңын ең үздік безендіру сайысы өтті.

      Сайыстың  мақсаты: педагогтың жеке басының деректі даму сапасын, оның шығармашылық қабілетін арттыру,тәрбиенушілердің ата-аналарымен қарым-қатынасын нығайту, серуен алаңында балалардың  қызықты ойын ортасын құру .

      Тәрбиешілер мен ата-аналар шығармашылықтары  мен  қиял-армандарын  жүзеге асыра отырып, балалардың серуен алаңын таңғажайып ертегілер әлемі мен қарлы ауылға айналдырды. Сайыс қортындысы: «Еркем-ай» сәбилер тобының тәрбиешісі-Э.Жунусова-1 орын, «Құлыншақ» сәбилер тобының тәрбиешісі-А.Ашимханова-1орын, «Ботажан» ортаңғы тобының тәрбиешісі-А.Байжанова-2орын.Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды, ата-аналар: Е.Ахметов,Р.Мусинов, Б.Байхожаев.Н.Ахметжанов.Т.Карбеков  алғыс хат тапсырылды.

Дата: 4.02.2014, 6:43 Автор: Школы и сады г. Балхаш