«Оқушының ойын дамытудағы сыни тұрғыдан ойлаудың тигізетін әсері» атты коучинг – сабағы

«Оқушының ойын дамытудағы сыни тұрғыдан ойлаудың тигізетін әсері» атты коучинг – сабағы

Қоңырат ықшамауданының ЖББ № 3 орта мектебінде тарих пәнінің әдіскері Асемханова Гүлнар Базылханқызының ұйымдастыруымен «Оқушының ойын дамытудағы сыни тұрғыдан ойлаудың тигізетін әсері» атты коучинг – сабағы өтті. Сабақтың мақсаты оқушылардың ой қызметін дамытудағы сыни тұрғыдан ойлау модулінің оң ықпалы мен қолдану тиімділігін көрсету болып табылды.Коучингке  Балқаш қаласының тарих пәні мұғалімдері белсене қатысты.

Коучинг қатысушылары бірлесе іздеу, сұхбаттасу, ақпаратты жинақтау арқылы сыни тұрғыдан ойлаудың әдіс – тәсілдерімен танысты.

Коучинг барысында коуч пен қатысушылардың арасында серіктестік пен сенімділік атмосферасы қалыптасты.

Кері байланыс парақшаларына қарап, коучинг әріптестердің өз оқыту тәжірибелеріне өзгерістер енгізуге ынталандырғанын байқатты.

Дата: 14.11.2013, 9:48 Автор: Школы и сады г. Балхаш