Туған күніңмен, балабақша!

Туған күніңмен, балабақша!

 

19 қазан күні «Балауса» мектепке дейінгі ұйымда 40 – жылдық мерей тойға арналған мерекелік іс – шара өтті.  Мерейтойды ауқымды атап өткізу МЖДМ меңгерушісі Сәуле Шағатқызы Кәріпбекованың бастамасы болатын. Мерекелік жиныға еңбек ардагерлері мен балабақшаның бұрынғы басшылары, ата – аналар комитетінің мүшелері, демеушілер БМЗ, «Дошкольник БГМК» ЖМ меңгерушісі Галина Васильевна Мельникова, әдіскер Ботагөз Келгенбайқызы Қожаева, филиал кәсіподақ комитетінің төрайымы Жанар Төлеутайқызы Жазбекова қатысты.

40 жыл – тарих үшін қас – қағым сәт. Ал балабақша ұжымы үшін біртұтас тарих, белсенді әрі шығармашылық өмірдің тарихы! Сол уақыттан бері көптеген өзгерістер болды, бірақ мұнда әруақытта шуақты да жайлы. Көптеген жылдар бұрын ата – аналары қолдарынан жетектеп әкелген кішкентай бүлдіршіндер бүгінде естеп, өзінің сүйікті балабақшасын жылы лебізбен еске алып, конаққа келіп тұрады, ал кейбіреуі. өз балаларын осы балабақшаға әкеледі.

Балабақша ұжымы көп жылдық дәстүр мен ізгі атақты сақтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық күш – жігермен еңбек ететін болады. Салтанатты түрде еңбек ардагерлеріне естелік сыйлықтар, ал педагогикалық ұжымға компьютер мен түсті принтер тажырылып, номинацияға иеленді.

Дата: 19.10.2012, 10:22 Автор: Школы и сады г. Балхаш