№8 орта мектептегі шахмат үйірмесінің өткізілуі туралы ақпарат

 

25 қыркүйек 2012 жылы Балқаш қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бастығының орынбасары А.Куанышбаевтың, әдіскері Ф.Рахимовтың және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен  №8 орта мектепте шахмат үйірмесінің салтанатты ашылуы болды.

Ашылу салтанаты ҚР білім беру қызметінің үздігі, құрметті ұстаз, Ы.Алтынсарин  белгісінің иегері, жоғары категориялы математика мұғалімі С.Сламбектің қошемет сөзімен басталды.

Сөзінің басында шахмат ойынының пайда болу тарихына тоқталып өтіп, соңынан сенсорлық тақтаны пайдалану арқылы  математика кабинетінде өтіп жатқан шахмат сабағына апарды.

Шахмат үйірмесін ҚР-ның еңбегі сіңірген шахматшысы Е.Алимжанов басқарады, үйірмеде 62 бала бар. Оқушылар 3 топқа бөлінген. 2 топтағы сабақты шахмат ойынының негізін үйретуші математика мұғалімдері жүргізеді. Сабақ аптасына 2 рет дүйсенбі, сәрсенбі күндері өтеді.

Шахмат ойыны балалардың ақыл-ой, логикалық ойлауын, назарын қалыптастырады. 

Дата: 19.10.2012, 5:08 Автор: Школы и сады г. Балхаш