Қала әкімінің жүлдесіне арналған «Былғары доп» футболдан оқушылар арасындағы қала біріншілігінің өткен қорытындысы бойынша ақпарат.

 Ағымдағы жылдың 7 – 24 қыркүйек арасында Абай атындағы № 2 лицей,  № 4, № 8 және № 7 мектеп-гимназияның көпсалалы хоккей кортында    оқушылар арасында қала әкімінің жүлдесіне арналған футболдан «Былғары доп» қала біріншілігі ұйымдастырылып өткізілді. Жарыс 3 жас топтары, яғни 5-6, 7-8 және 9-11 сынып оқушылары арасында өтті.

 Біріншілікке барлық қала мектептері мен мектеп-интернаттарының құрама командалары қатысты.     Қатысушылар саны 576 мектеп оқушылары.     

Жарыстың қорытындысы бойынша келесі  жеңімпаздар мен жүлдегерлер командалары анықталды.

5-6 сынып оқушылары арасында:

1 орын -  № 15 ОМ;                                     2 орын - № 9 ОМ;

3 орын -  № 16 ОМ;                                     4 орын - № 17 ОМ.        

7-8 сынып оқушылары арасында:

1 орын -  № 4 ОМ;                                     2 орын – Абай атындағы № 2 лицей;

         3 орын -  № 1 ОМ;                               4 орын - № 18 ОМ. 

9-11 сынып оқушылар арасында:

1 орын -  № 18 ОМ;                                   2 орын - № 15 ОМ;

          3 орын -  гимназия;                             4 орын – Абай атындағы № 2 лицей.               

         Жеңімпаздар мен жүлдегер командалар Балқаш қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубоктары, медалдары және сыйлықтарымен марапатталды. 

Дата: 11.10.2012, 12:06 Автор: Школы и сады г. Балхаш