Әскер бала көзімен.

Әскер бала көзімен.

 

Осындай атпен республика бойынша барлық облыстарда, барлық әскери бөлімдерде 2 күн бойы әскери-патриоттық іс-шаралар өтті.

Аталған шараның мақсаты- өскелең ұрпақты Отан қорғау мен патриоттық рухта тәрбиелеу. Балқаштың қырық 10 сынып оқушылары біріккен қорғаныс бөлімінің  өкілі Наталья Шарабарина, Білім бөлімінің әдіскері Ф.Рахимов, АӘД мұғалімдері Марат Абдирбаев, Талғат Медеубеавпен бірге әскери бөлімге саяхатқа шықты.

6505 әскери бөліміне жататын ҚР ІІМ-нің ішкі әскері, Балқаш  қаласына сегізінші атқыштар ротасы болып ұсынылған және АК159/21  тәртіп мекемесінің қорғау қызметін атқарады. Былтырғы жылы осы бөлімшенің қызметкерлері халықаралық қарқынды оқиғаға айналған қарулы  сотталғандардың қашуын тойтарған.

Келген қонақтарды рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы бойынша орынбасары Олжас Сенбеков қарсы алды. Балалар әскерлердің тұрмысымен танысты, саптық жаттығулардың өтуі мен арнайы үйретілген итпен ықтимал қашқынды ұстау сабақтарын  көрді.

Бөлімшеде иттер саны-14, олардың бәрімен кинологтар шұғылданады және Алматының оқу орталығында  иіспен тұтқындарды анықтауға үйретілген. Оқушылар  әскерлерді бекініс қазуға, уақытша жасырыну және дала жағдайында шыдауға үйрететін әскери-инженерлік дайындық қалашығын көрді. Манекендерге қарусыз қарсыластарға қол  ұрысы әдістерін қолданып көрді. Офицерлер автоматты қалай дұрыс шашып-жинауды көрсетіп айтып берді, қандай қару түрлерінің қолданатынын жариялады. Балалар арнайы стендіден қорғанушы, бірақ қолданудағы  арнайы ережелері қатаң сақталатын ПР-73 резиналық келдекті қолдану керектігі мен қажет емес тұстары жайлы оқып үйренді.

Бейбіт өмірде Отан алдында міндеттерін орындай білген Юрий Маликов, Кагазбек Нурсейтов, Григроий Горнов секілді ішкі әскери бөлімнің батырларының ескерткіші алдында құрметпен үнсіздік жариялады. 

Саяхаттың көңілді, әрі танымды өтуіне және оқушылар тарапынан туындаған сұрақтарға нақты жауап беруі Фархат Маликовичтің 6505 әскери бөлімінің сегізінші атқыштар ротасында қызмет етуінен десе болады. Әскери бөлімше басшылығы жасөпірімдердің әскери білім деңгейін көтеруге, өз мекемелерін үлгі ете отырып қолдау жасауға уәде берді. Сонымен бірге, мектептердің жоғары сынып оқушыларының да ішкі әскери бөлімшелерге саяхат жасауға және қиындығы мен жауапкершілігі мол жауынгерлік қызметті көруге мүмкіндіктері бар.

Дата: 27.09.2012, 12:27 Автор: Школы и сады г. Балхаш