Барлығы балалар үшін

Барлығы балалар үшін

 

2012 жылдың маусым айының 18-21 аралығында, Балқаш қаласының 75-жылдығы мерейтойына орай, ЖМ “Дошкольник БГМК» филиалының әдіскерлік қызметі «Жаз-2012» сауықтыру маусымы қарсаңында мектепке дейінгі ұжымдар және педагогтар арасында «Серуен алаңын көріктендіру және көркемдеп жөндеу» аттыжарыс-байқауын өткізді.  Байқаудың мақсаты: серуен  алаңын,  балабақша маңайын  көркейту мақсатымен  ата-аналардың, балабақша  ұжымының іс-әрекеті белсенділігін арттыру және балабақша маңында ең үздік дамыту орталығын құрған тәрбиешілердің  іс-тәжірибесін насихаттау.

Бұл байқау филиал балабақшаларында педагогтардың, ата-аналар мен балалардың шығармашылық жұмыстарын іске асыру үшін барлық жағдайлар жасалғандығын дәлелдеді. Оған мына шығармашылық жұмыстары куә: «Тоғандағы аққулар» сәулеттік құрылымы («Балауса», «Жұлдыз» б/б), әр-түрлі жануарлар мүсіні («Ақбота», «Жұлдыз», «Айгөлек» б/б), гүлзарлардағы дизайн жолын ұстанып отырғызылған гүлдер («Балауса», «Айгөлек», «Таңшолпан» б/б), балалар демалып ойнайтын алаңды көркемдеп эстетикалық рәсімдеу («Бөбек», «Алпамыс», «Айсулу»б/б) .

Ең үздік ұжымның тәжірибесі ЖМ «Дошкольник БГМК» филиалының ең үздік алаңы» кітапшасына енгізіліп, мектепке дейінгі тәрбие қызметкерлерінің Тамыз конференциясында аталып өтіледі. 

Байқаудың жеңімпаздары Жулдыз» балабақшасы

2-ші орын иегерлері  «Балауса» балабақшасы

3-ші орынды  «Айголек» балабақшасының ұжымы иеленді

 

 

Дата: 25.06.2012, 5:29 Автор: Школы и сады г. Балхаш