«Үміт жолы-2012» мектеп бітіруші түлектерінің кеші

«Үміт жолы-2012» мектеп бітіруші түлектерінің кеші

 

Балқаш қаласында 2012 жылғы 21 маусымда «Үміт жолы»  атты дәстүрлі жалпы қалалық мектеп бітіруші түлектердің кеші өтті.  Түлектер колоннасы (302 адам) Уәлиханов көшесімен орта буын оқушыларынан (салтанатты мектеп формасында, қолдарында шарлар мен жалаушылар) құрылған «тірі» дәліз арқылы М.Хамзин атындағы «Мысшылар» мәдениет сарайының алдындағы өз орындарына жүріп өтті. Оларды кештің құрметті қонақтары: қала әкімінің  міндетін орындаушы Д.Манамбаев, қалалық мәслихат хатшысы Қ.Рахимберлина, қаламыздың және білім саласынның ардагерлері, қалалық БАҚ-ның өкілдері қарсы алды.

Кеш сағат 20.00 –де басталды.   Кештің құрметті қонақтары 2012 жылғы түлектерді құттықтап, сөздерінде қаламызға қайта оралатындарына және туған қаламыз Балқаштың өркендеуіне барлық күштерін салатындарына үміт артатындарын айтып өтті. Қала әкімінің атынан бірінші рет  үздік аттестат және «Алтын белгі» алған түлектерге планшет,  белгі алғандар қосымша қалталы телефондар – естелік сыйлықтармен марапатталды.

Мерекеде музыкалық номерлерді мәдени - саулық  орталығы ұсынды.

Кеш фейерверк және түлектер қалалық фонтанға бақыт үшін тиын тастау рәсімімен аяқталды.

Кештен соң оқушылар мектептеріне тарады. Мектеп қабырғасында аттестаттарды ұсыну салтанаты өткізілді.

Аттестаттарды ұсыну салтанаты барысында мектеп инспекторлары, педагогтар, қаламыздың ТЖБ қызметкерлерінен тұратын кезекшілік ұйымдастырылды.

Дәстүр бойынша  мектеп бітіруші түлектер таңды көл жағалауында қарсы алды.

Дата: 22.06.2012, 12:50 Автор: Школы и сады г. Балхаш