Қалалық "Өнер айшықтары" сәндік-қолданбалы өнер көрмесі

 Қалалық "Өнер айшықтары"

сәндік-қолданбалы өнер көрмесі

 2012 жылдың 21 наурызы күні Ленин көшесінде ұлттық салт-дәстүрлер мен сәндік- қолданбалы өнер технологияларын сақтау және эстетикалық талғам мен жоғары рухани байлық пен туған жерге деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу мақсатында «Өнер айшықтары» атты сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды.

 

 Барлық қала мектептері  мен интернат мекемелері көрмеге әр түрлі сәндік-қолданбалы өнер нақыштары мен технологияларында орындалған жұмыстар ұсынды.

Әр ұсынылған жұмыс өздерінің әртүрлілігімен  ерекшеленді: тоқу, моншақпен тоқу, теріден жасалған бұйымдар, мүсіндеу, ұлттық нақыштағы тігін түрлері, көркемдеу, аппликация, гобелен, ағаштан жасалған жұмыстар ұсынылды.

 

Барлық ұсынылған жұмыстар эстетикалық талғамға сай, өздерінің ерекшелігі мен сапалық дайындығы аясында көрсетілді.

  

Қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұлттық нақышта безендірілген «Үздік киіз үй» байқауына өз киіз үйін ұсынды.

 Мерекелік іс-шаралар қорытындысы бойынша киіз үйлер байқауында білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің киіз үйі 1 орынға ие болды.

Дата: 28.03.2012, 9:52 Автор: Школы и сады г. Балхаш