Мектеп күні– 2012 аясында өткізілген әдістемелік бағыт туралы ақпарат

 Мектеп күні2012 аясында өткізілген әдістемелік бағыт

туралы ақпарат

 

2012 жылдың 28 ақпанынан бастап Мектеп күні – 2012 аясында барлық білім мекемелерінде әдістемелік күндер өтіп жатыр.

Мақсаты:сапалы білім беру және оқушының тұлғалық дамуына ықпал ету барысында педагогикалық жағдай ұйымдастыру. Пән мұғалімінің кәсіби деңгейінің өсуін қадағалау болып табылады.

Бағдарлама бөлімдері:

  • Математика және физика пәні бойынша 10-11 сыныптарды ҰБТ-ға дайындау барысында тренинг – сабақ өткізу;
  • Шебер мұғалімдердің шығармашылық есебін тыңдау немесе авторлық бағдарламалар мен оқу – әдістемелік кешен жұмыстарының барысымен таныстыру.

Барлық білім мекемелері әдістемелік күннің бағдарламасын тиімді түрде жеткізуде. Мұғалімдер ұжымы өздері жасағанжәне қалалық, облыстың деңгейде бекітілген оқу – әдістемелік құралдарын, шеберлік сыныптарын, авторлық бағдарламаларын ұсынды.

ҰБТ – ға  дайындық барысын көрсету  мақсатында пән мұғалімдері тиімді қолданыстағы педагогикалық технолог ияларын көрсете білді. Барлық сабақ үрдістерінде интерактивтік құралдарды қолдану барысын тиімді жеткізді. Сонымен бірге, электрондық оқулықтар, дәстүрлі емес сабақ түрлерін де жетік меңгергендігі анықталып отыр.

Мектептердің барлығы үлкен дайындық, шынайы шығармашылықтың шырайын келтіруде.

Дата: 27.03.2012, 5:38 Автор: Школы и сады г. Балхаш