«Балалар - ХХІ ғасыр капиталы»

«Балалар - ХХІ ғасыр капиталы»

«Балалар - ХХІ ғасыр капиталы» 

2012 жылдың 20 ақпанында «Сен және сенің құқығың» атты республикалық декадаға байланысты «Балалар - ХХІ ғасыр капиталы» атты Оқушылар сарайында дөңгелек үстел  өтті. Дөңгелек үстел кезінде қазіргі заман талабына сай құрылған мектептердегі бала құқығы мәселесін ұйымдастыру шаралары жайлы сөз қозғалды. Қатысушылар соңғы жылдардағы мемлекет пен қоғамның  баланың толыққанды даму деңгейін, құқықтарынның дұрыс сақталмауы, оларды заңсыз пайдалану, ерікті демалу,  өзіндік және қоғамның жауапты мүшесі болу жағдайлары талқыланды. Дөңгелек үстелдегі маңызды құжат ретінде БҰҰ-ның Бала құқығы Конвенциясының негізгі ережелері қаралды. Оқушылар пікір бөлісу кезінде қоғамның елеулі мәселелері ретінде: діни ағымдардың әлеуметтік ортадағы басымдылығынан құтылу жолдары қандай? Есірткі тасымалдаушылардан мектепті қалай қорғауға болады? Жас кезінен бастап отансүйгіштік қасиетті бойға дарыту жолдары? Салауатты өмір салтын ұстану, оны дәріптеудің кешенді бағдарламалары жайлы ой қозғады. Отырысқа қалалық Балалар маслихатының 18 депутаты, «Мұрагер» жастар ұйымы, «Жас ұлан» бірыңғай жасөспірім ұйымы мүшелері қатысты. Дөңгелек үстелге МЕҰ мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері  арнайы қонақ болып пікір бөлісті.  

Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар бала құқығы мен міндетінің орындалуы мемлекет дамуының негізгі қазығы екеніндігі  деген қорытындыға келді. 

Дата: 1.03.2012, 5:38 Автор: Школы и сады г. Балхаш