«Білгірлер мен білімпаздар» ойынының екінші туры

«Білгірлер мен білімпаздар» ойынының екінші туры

«Білгірлер мен білімпаздар» ойынының екінші туры

Қалалық гимназияда «Білгірлер мен білімпаздар» ойынының екінші туры болып өтті.Ойынды  қонақ ретінде көруге №3мектеп интернат оқушылары шақырылды.Жоғары арепогта  қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінен:Асемханова Г.Б,№3 мектеп-интернаттан аға мұғалім Богуславский В.И,қалалық мұражайдан аға ғылыми қызметкер Қожақов Д.А төрелік жасады.Ойын екі агонга бөлінді. Бірінші агонда барлық мектеп оқушыларына сұрақтар қойылып,ең көп медаль алғандардың ішінен 3 оқушы алға шықты.

Сұрақтар қаламыздың 75 жылдығына және Д.А Қонаевтың,М.П Русаковтың 100 жылдығына арналды. Қалалық гимназия,№10,№17 орта мектептің оқушылары  екінші кезеңге өтіп,жоғары нәтижелерге жете білді. Нәтижесінде қалалық гимназия оқушысы Алибеков Ельдар бірінші жүлделі орынға шықты.

2 ші орында №17 орта- мектеп оқушысы Власова Валерия  ,3 ші жүлделі орынды №10 орта мектеп оқушысы Дюсембаева Аяулым  жеңіп алды.Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар беріліп,дипломдар тапсырылды.

Командалық есепте бірінші орында №17 орта-мектеп,екінші орында қалалық гимназия,үшінші орында №10 орта-мектеп екендігі анықталып,мақтау қағаздары табысталды.

Келесі ойын №17 орта мектепте өтетіні ескеріліп,тапсырмалар берілді.

Дата: 27.02.2012, 11:48 Автор: Школы и сады г. Балхаш