Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушыларының қала мектептерінің тарих пәнінің мұғалімдерімен кездесуі

2019 жылдың 02 сәуірінде Балқаш қаласының Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп – лицейінде Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушылары дүниежүзі тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасының жетекшісі Тулеуова Бахытгуль Тулеубаевна, археология, этнология және отандық тарих кафедрасының доценты, «Тұлға тану» орталығының қызметкері Шотбакова Лязат Касымовна ҚР БҒМ ғылыми жобасының шеңберінде «Тарихи білім мен рухани жаңғыру арқылы жас ұрпақтың ұлттық санасының жаңаруы» аясында қала мектептерінің тарих пәнінің мұғалімдерімен кездесу өтті. Мақсаты: Жас ұрпаққа тарихи сананы қалыптастырудың негізгі кезеңдерін және «Рухани жаңғыру» жалпымемлекеттік бағдарламаның құндылығын өмірмен байланысын, нақты мысалдар арқылы насихаттау; «Ұлы даланың жеті қыры» атты танымдық, тәрбиелік мәні бар мақаланың негізінде қазақ даласындағы көне дәуірден бастап бүгінгі күнге дейін мәні жоғары тарихи ұстанымдарды түсіндіру.
Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін жас ұрпаққа тарихи сананы жаңғыртудан басталатынын түсіндіріп зерделейтін тәжірибелі мұғалімдердің ой-пікірлері ортаға салынды. 
Кездесудің екінші кезеңінде «Жас ұрпаққа тарихи сананы қалыптастырудағы «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты жалпымемлекеттік бағдарламалардың рөлі» тақырыбында семинар-тренинг жүргізді. Тарих пәні мұғалімдері өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қою арқылы көптеген маңызды мәселелерге жауап алды. Ашық сұхбатты кездесу алдағы уақытта да өз жалғасын табатынына сенеміз.

Дата: 7.04.2019, 13:31 Автор: Школы и сады г. Балхаш