Педагогикалық еңбек ардагерлерімен "Үзілмес ұрпақ сабақтастығы" атты кездесу өтті

2019 жылдың 5 наурызы күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығы мен ДББҰ "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" ұйымдастыруымен Балқаш, Приозерск қалаларының және Шет пен Ақтоғай аудандарының педагогикалық еңбек ардагерлерімен "Үзілмес ұрпақ сабақтастығы" атты кездесу өтті. Кездесу ББДОӘО мұражайынан бастау алды. Онда Қарағанды облысы қоғамдық кеңесінің төрайымы Жошина М.К. кездесу болды. Ардагерлерге ескерткіш сыйлықтар таратылды. Кездесу НЗМ жалғасты. Бағдарлама бойынша НЗМ директоры Р. М. Якупов ардагерлерді келе жатқан мерекелерімен құттықтап, мектептің ерекшелігімен таныстырды. Мектепке саяхат жасалды. Келесі кезек ашық сабақтар көрсетілімімен жалғасты. Жеті пәннен сабақ көрсетіліп, ардагерлермен пікір алмасу орын алды. Түскі үзілістен соң, оқушылар ғылыми жобалар қорғап, жатақханаға саяхат жасалды. Балқаш аймағынан оқып жатқан балалармен кездесу болды. Оқушылар асқан қызығушылықпен мектептері туралы айтып, өздерінің жетістіктерімен, алып жатқан білімдерімен бөлісті. Кездесу қайырымдылық концертіне ұласып, ардагерлер өз ойларын ортаға салды. Кездесу өте жоғарғы дәрежеде өтті. Ардагерлер білімнің жаңаруы барысынағы ерекшеліктермен танысып, білім саласында болып жатқан өзгерістерге тәнті болды.Балқаш қаласының еңбек ардагерлері атынан ұйымдастырушы қауымына алғысымызды білдіреміз.

Дата: 11.03.2019, 15:42 Автор: Білім бөлімі