Білімнің жаңаруы аясында білім деңгейін бақылау және пәндердің берілу жағдайын қарастыру мақсатында қима жұмыстары өткізілді

"Балқаш қаласының білім бөлімі" ММ-нің жылдық жоспарына сәйкес білімнің жаңаруы аясында білім деңгейін бақылау және пәндердің берілу жағдайын қарастыру мақсатында 2019 жылдың 19-20 ақпан күндері қазақ тілінде оқытылатын сыныптарыда қазақ тілі, математика пәндерінен, орыс тілінде оқытылатын сыныптарда орыс тілі, математика пәндерінен қима жұмыстары өткізілді. Барлығы 2429 оқушы қатысып, 2 пәннен білімдерін сынады. Қима жұмысын сапалы әрі шынайы өткізілу мақсатында қала координаторларынан шығармашылық топ жасақталып, тапсырмалар құрылды. Әр мектепке білім бөлімі басшысының бұйрығымен бақылаушылар тағайындалды. Бақылаушыларға білім бөлімі әдіскері тарапынан оқыту семинары ұйымдастырылды. Қима жұмысының қорытындысы мектеп директорлары кеңесіне қаралады. Шығармашылық топ тарапынан шығарылған қорытынды бойынша ұсыныстар дайындалып, әр мұғалімге бағыт - бағдар берілді.

Дата: 11.03.2019, 15:07 Автор: Білім бөлімі