«Өзін-өзі тану; Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік жалғасын табуда

Қарағанды облысы Балқаш қаласы білім мекемелерінде «Өзін-өзі тану; Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік жалғасын табуда. Лингвистикалық бағытта жұмыс істейтін №16 орта мектепте онкүндік «Өзін-өзі тану-өмірді тану»атты салтанатты саптық жиынмен ашылып, жиында жасалып жатқан жұмыстар жайлы ақпар беріліп, жоспары таныстырылды. «Өзін-өзі тану – өмірді тану» ұранымен оқушылар өздерінің жүрек лебіздерін білдірді.
Мектеп кітапханашылары «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесін өткізді. Оқушыларға білім беру саласындағы бүкіләлемдік өзгерістер аясында адами қасиеттерді жүзеге асыру идеясын елімізде тұңғыш рет енгізген «Бөбек» қорының президенті, Еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева туралы тың деректер, мағлұматтар берді.
Қазақстанның бірінші ханымы «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шаралары, еліміздегі адамгершілік –рухани білім берудің дамуына үлес қосқан, жер бетіндегі өмір сүрген барлық халықтардың арманы-өзара түсіністікпен сыйластықты сақтауы деген қағидасын ұстану мақсатында 4 сыныптар арасында «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. 
Оқушылар аталған іс- шараға аса белсенділікпен қатысты.
6 сынып оқушылар арасында «Жақсылық әлемді шарлайды» атты флеш моб ұйымдастырылды. Бұл іс шара оқушыларды бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.Адаммның көңіл-күйінің көтеріңкі болуына, салауатты өмір салтын ұстануға, мәдинетінің арытуына ықпал етеді.

Дата: 6.02.2019, 9:43 Автор: Школы и сады г. Балхаш