Балдәурендегі өткен зерттеу жобалар мен шығармашылық жұмыстардың "Зерде" Республикалық конкурсы

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының 1-7 сыныптар арасында ұйымдастырған оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» XIV республикалық 537 оқушы қатысқан конкурсы өтті. Конкурсқа «Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ 7 сынып оқушылары Абылкаирова Жанель мен Комирбай Алмат «Ағзадағы маңызды химиялық элементтер» тақырыбында химия-биология секциясы бойынша зерттеу жұмысын қорғап ІІІ дәрежелі диплом жүлдегері иеленді. Зерттеу жұмысының жетекшісі химия пәнінің мұғалімі Ахтанова Бакытул Бекболатовна.

Табысты оқушыларымызбен мақтанамыз!

Дата: 5.02.2019, 9:43 Автор: Школы и сады г. Балхаш