Размер шрифта:

Өзін өзі тану пәнінің дәстүрлі онкүндігі

Қарағанды облысы, "Балқаш қаласы білім бөлімі" ММ-сіне қарасты жалпы білім беретін мектептер мен лицейлерде Қарағанды облысы білім басқармасының хатына сәйкес 01.02-12.02 аралығында өзін-өзі тану пәнінен дәстүрлі онкүндік басталды. Қазіргі кезде өскелең ұрпақты тәрбиелеуде алға қойып отырған негізгі мақсаттардың бірі-қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.Осы орайда мектептерде іс-шара жоспары бекітіліп, мақсатқа қол жеткізуде бірнеше аталмыш жұмыстар өтуде. 
01.02.күні барлық мектептерде лездеме өткізіліп, мектеп оқушылары жоспармен таныстырылып,агитбригада құрылды. Әр білім мекемесінің бірінші қабатына ақпарат алу, жүргізілетін іс – шаралармен таныстыру мақсатында стендтер безендірілді.Оқушылар сынып сағаттарында «Өзін-өзі тану» пәнінің негізін қалаушы,әрі авторы Сара Алпысқызының өмірі мен шығармашылығы жөнінде толық мәлімет ала білді. Оқушылар «Өзін-өзі тану» пәнінің негізін қалаушы,әрі авторы Сара Алпысқызының өмірі мен шығармашылығы жөнінде толық мәлімет ала білді. Мейірімділік,ізгілік, рухани-адамгершілік құндылықтарға бай, әрі терең мазмұнды өлең жолдары насихатталды.Мәнерлеп оқу сайыстарында мейірімділік,ізгілік, рухани-адамгершілік құндылықтарға бай, әрі терең мазмұнды өлең жолдары насихатталды. Онкүндік жалғасуда.

Дата: 5.02.2019, 9:23 Автор: Школы и сады г. Балхаш