Облыстық онлайн сабақтар өткізілді

2019 жылдың 31 қаңтары күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының кестесіне сәйкес облыстық онлайн сабақтар көрсетілді. Балқаш қаласы білім мекемелерінен 2 сабақтың көрсетілімі ұсынылды. Утегенова Сауле Маралқызы-№17 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі, математика пәнінен «3 санын көбейту және бөлу кесетсін құру» тақырыбында, №7 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Қажкаримова Тоғжан Серікқызы математика пәнінен ««2 санына көбейту мен бөлу кестесі» тақырыбында онлайн сабақтар көрсетілді. Сабақтар барысында орындалған әр тапсырма білім алушыны оқу мақсатына жеткізуді көздеген. Мұғалімдер оқушыларды оқу мақсатымен таныстыра отырып, бағалау критерийлерін бірге құрастырды. Ширату жаттығуынан кейін bilimland.kz ресурсы арқылы, жаңа тақырыпты аша түсті. 
Топтық жұмыста «Tarsia» әдісін қолданса, жұптық жұмыста «Дені саудың- жаны сау» ортақ тақырыбына сәйкес «Тиісті қақпаға допты соқ» тапсырмасын орындатты. Білімнің жаңаруы барысында оқушылардың өз ойын еркін жеткізуі, сыныптас досын, жалпы сабақты бағалауы, жұпта, топта жұмыс жасай білу шеберліктері жақсы деңгейде көрініс тапты. Сабақтар жақсы деңгейде өткізілді.

Дата: 4.02.2019, 9:10 Автор: Білім бөлімі