Футбол сабағын сынақтан өткізу

2019 жылдың 25 қаңтар күні Балқаш қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес, «Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ-де бастауыш сыныпта дене шынықтыру пәнінің әр үшінші сағатында футбол сабағын сынақтан өткізу республикалық жобасы аясында қалалық семинары өтті. Семинарға жобаға қатысушы 4 мектеп пен жалпы білім беретін мектептерінің дене шынықтыру пәнінің 26 мұғалімі қатысып тәжірибе алмасты. Семинардың мақсаты: оқушылардың футболға деген танымдық мүдделерін дамыту, спорттық ойын түрлерінің ең бұқаралық және кеңінен таралған футбол ойынын насихаттауға дәріптеу арқылы мамандандырылған оқу-спорт ұйымдарына және ерте жастан кәсіби бағдар беру.
Семинардың 1- ші теориялық бөлімінде 
жоба модераторы Жасымхан Нұрғабылдың «Футбол сабағын» сынақтан өткізу республикалық жоба жұмысының рефлексивті есебі тыңдалды.
Семинардың 2-ші практикалық бөлімінде дене шынықтыру мұғалімі Дәріғұл Думан 4В сыныбында «Қимыл-қозғалыс ойындары және эстафеталар» тақырыбында сабақ өткізді.Сабақтың мақсаты: Эстафеталық ойын арқылы футбол сабағының элементтерін үйрену.
Дене шынықтыру пәні мұғалімі Тасимбеков Нурлан 4 Б сыныбында «Қорғанды қорғау». Дене бітімінің даярлығы. Мақсаты:Футбол ойынының ережесін біліп, қорғау қорғанысын нығайту. 
Келесі кезекте Балқаш футбол ассоцациясымен серіктестік жұмысы барысында жаттықтырушы С.О. Бектұрғанов өз шәкірттерімен «Футбол ойынындағы» модельдік жаттығулар тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік- сағатының мақсаты мен міндеттері қатысушыларды футбол ойынында ептілік пен қимылдарды үйлестіруді дамытуға бағытталған әдістерді үйрету. Бағдарлама бойынша жоба модераторы Жасымхан Нұрғабыл дене шынықтыру пәні мұғалімідеріне «Футбол сабағын» өткізудің ерекшеліктері тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Қатысушылар топқа бөліне отырып футбол сабағындағы жаттығуларды, ойын элементтерін, допты алып жүру әдіс-тәсілдерін талқылай отырып, тәжірибеге енгізу жолдарын іс-әрекетпен көрсете білді. 
Оқыту семинары «Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланысы арқылы қорытындыланды. 
Семинар соңында қатысушылар ұсыныс тілектерін айтып, әдістемелік жағынан көмегінің бар екенін атап өтті. Кіші жастағы балалардың футболға жақсы машықтанып келе жатқандығы, ойын бсрысындағы ептіліктерінің жақсы деңгейде дамып келе жатқандығы алға тартылды. Мектеп тарапынан әдістемелік кітапшалар таратылды.

Дата: 28.01.2019, 11:32 Автор: Школы и сады г. Балхаш