«Жаңартылған білім берудің мазмұны: жаңашылдыққа бейімделудегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің құзыреттілігі» атты аймақтық семинар

2018 жылы 14 желтоқсанда Балқаш қаласында «С.Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназия» базасында «Жаңартылған білім берудің мазмұны: жаңашылдыққа бейімделудегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің құзыреттілігі» атты аймақтық семинар өтті.
Семинарға қазақ тілі мен әдебиетінің 65 мұғалімі қатысты. Олардың ішінде Шет және Ақтоғай аудандарының, Қарағанды, Жаңаарқа, Шахтинск, Сарань, Жезқазған қалаларының мұғалімдері бар.
Семинардың ашылу салтанатында Балқаш қаласының білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ә.О.Бектұрғанова, Қарағанды облысының оқу-әдістемелік орталығының әдіскері А.Т. Жаппарқұлова сөз сөйледі.
Қалалық білім бөлімінің әдіскері Г.С. Мейірбекова «Білім берудің жаңартылған мазмұны - жаңашылдыққа бастама» атты баяндама жасап, білім беру мазмұнын жаңарту аясында қаланың мектептерінде жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстармен таныстырды.
№8 орта мектептің мұғалімі Жұмабаева М.Қ., №17 мектеп-лицей мұғалімі
Д. Б. Касенова өздерінің заманауи талаптарға сай әзірлеген электронды оқулықтарын таныстырды.
Семинардың кіріспе бөлімі №16 лингвистикалық бағыттағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің басшылығымен ұйымдастырылған «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» тақырыбындағы поэзия сағатында қала мектептердің оқушылары қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Семинардың бірінші бөлімінде С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназия мұғалімі Тлеубеков М.М., №2 Абай атындағы лицей мұғалімі А.С. Балтабай, №10 орта мектеп мұғалімі С.К. Карибжанова жаңартылған мазмұнға негізделген білім беру проблемаларын шешуге бағытталған заманауи педагогикалық технологияларды қолдану тәжірибесімен бөлісті.
Семинарға қатысушылар қала мектептерінің оқушылары мен кітапханашылары ұйымдастырған «100 кітап аллеясы» жобасы бойынша Буккроссинг көрмесін тамашалады. Онда қонақтар қаладағы 100 кітап жобасының барысымен танысты.
Үшінші бөлімде қатысушыларға қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдерінің шығармашылық идеялары ұсынылды: № 7 мектеп-гимназиясының мұғалімі П.А.Сатыбалдина «Туындысы мен тағдыры ұштасқан біздің өлке» электрондық дидактикалық жинағының, №1орта мектебінің мұғалімі М.С. Баянбаева және А.К. Жетпісова «Туған өлке табиғатының жұмбақтары» (тыңдау, оқу, сөйлеу дағдылары бойынша тапсырмалар жинағы) электрондық дидактикалық материалдарының, №10 орта мектептің мұғалімдері Г.Т.Нұржігітова, Қ.Ш. Дубирбекова оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға негізделген электронды оқу құралын, №4 орта мектептің мұғалімдері П. Джуматаева, Г.Р.Амиркулова
«Қазақстанның қасиетті жерлері» оқытудың төрт негізгі дағдыларына негізделген тапсырмалар жинағының таныстырылымын практикалық тұрғыда көрсетті.
Семинар соңында қонақтарға Ә. Бөкейханов атындағы №15 мектеп – лицейдің қазақ тілі мен әдебиті пәні мұғалімі К.Тайжанованың жетекшілігімен дайындалған 9-11 сынып оқушыларының «Алаштың Әлиханы» атты әдеби салоны ұсынылды.
Семинарға қатысушылар «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс ұсынып, семинарға жоғары баға бере отырып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Дата: 24.01.2019, 15:54 Автор: Школы и сады г. Балхаш