"Жетістік бағыттаушысы" атты қысқа мерзімді жоспар байқауы

2018 жылдың 17.09-13.10 аралығында"Өрлеу" БАҰО филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚБАИ-ның ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдер арасында "Жетістік бағыттаушысы" атты қысқа мерзімді жоспар байқауы өткен болатын. Мақсаты: білім мазмұнынының жаңаруы аясында ұстаздар тәжірибелерін тиімді тарату. Байқауға облыс бойынша барлығы 113 жұмыс қабылданып, оның 26 жұмысы келесі кезеңге өтіп, "Мұғалім таңдауын" анықтау үшін онлайн дауыс беруге жіберілді. Аталған байқауға Балқаш қаласы білім мекемелерінің 15 ұстазы белсене қатысып, 9 жұмыс екінші кезеңге өтті. Олар: Аханова А.К., Қашқынбаева Н., Исабаева А., Айтжанова Ж.А., Қазбаева Ж., Балтабай М., Біләл Н., Мағрұпбекова М., Нурмаханова Д. Сараптама тобының 29 қарашадағы байқау қорытындысы бойынша 1 орынға Балқаш қаласының мұғалімі Айтжанова Жанат Абенкызы ие болды."Ұстаз таңдауы" онлайн дауыс беруде №8 орта мектептің мұғалімі Нурмаханова Динара мен Айтжанова Жанат үздік ондыққа енді. Бапқаш қаласының білім бөлімі басшысының атына Өрлеу ҰО директорынан құттықтау хат келіп түсті. "Жетістік бағыттаушысы" байқауы білім мазмұнының жаңаруы барысында өзектілігі мол, маңыздылығы басым байқаулардың бірі болып тұр. Осы орайда ұстаздардың тәжірибесін тарату, ұстаз беделін арттыруда түрлі байқаулар ұйымдастырып отырған Өрлеу ҰО-на алғысымызды білдіреміз.Жеңіске жеткен ұстаздарымызды құттықтай отырып, білімдерінің шыңдала беруіне тілектеспіз.

Дата: 24.01.2019, 15:25 Автор: Школы и сады г. Балхаш