Латын әліпбиінде жалпыхалықтық диктант жазылды

Қазақстан Республикасының Премьер – Министрі Б.Ә.Сағынтаевтың төрағалығымен өткен 2018 жылғы 27 қыркүйектегі Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі комиссия отырысы хаттамасының 2-тармағына сәйкес «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жобасын» түсіндіру, практикалық тұрғыда меңгерілуін нақтылай түсу мақсатында 2018 жылдың 14 қараша күні сағат 11.00-де республика бойынша бір мезетте жазылатын жалпыхалықтық диктантқа «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ-нің барлық қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ, білім бөліміне қарасты мектептерден 1600 оқушы мен 1000 мектеп мұғалімдері, кітапханашылары, басқа да қызметкерлері диктант жазды.

Дата: 20.11.2018, 11:03 Автор: Школы и сады г. Балхаш