«Айқын» жобасы қаламызда бастауын алды

Қараша айының 12 мен 21 аралығында SAR тестілеуінің on – line жүйесі арқылы «Айқын» жобасы шеңберінде, Балқаш қаласының білім беру мекемелерінде 5-10 сынып оқушыларының пәндік білімін анықтау бойынша 1-тоқсандық диагностика жүргізіледі. Бүгін, яғни 12 қараша күні барлық 7 сыныптардың 1114 оқушысының 1065-і бірінші болып тестілеуді бастады. Тапсырмалар мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес Қарағанды облысының оқу-әдістемелік орталығымен жасалған. Тестілеу мұғалімдерге проблемалық аймақтарды уақтылы анықтауға және әрбір оқушыға жеке білім беру бағытын одан әрі дамытуға, сабақ өткізудің сапасы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға тек сәттілік дегім келеді!!!

Дата: 20.11.2018, 10:59 Автор: Школы и сады г. Балхаш