Қаламызда IT-сыныптар ашылды

Ел Президентінің цифрландыруды дамытуға бағытталған тапсырмасын жүзеге асыру аясында бүгін, яғни 09 қараша күні Балқаш қаласында №8, №10 орта мектептерінде және №17 мектеп - лицейінде IT-сыныптар ашылды. Аталған іс-шара “Нұр Отан” партиясының «Балаларға ақысыз ІТ-сынып ашу» бастамашыл жобасын іске асыру аясында өтті, оның мақсаты- цифрлық сауаттылықты арттыру және қазақстандықтардың жас буынының ғылыми-шығармашылық және зерттеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. 
Оқушыларды осындай тамаша оқиғамен қала әкімі Аглиулин А.М мен «Нұр Отан» ХДП Балқаш филиалы төрағасының бірінші орынбасары Секербекова Б.М құттықтады.
ІТ-сынып 10 оқушы, 1 мұғалімге арналған барлық құрал-жабдықтары, оқу-құралдары және компьютерлермен қамтамасыз етілген. Интернет желісіне де қосылған. Сонымен қатар, ІТ-сыныпта оқушылардың сабақ оқуымен робототехника және 3D модельдеу үстелдері құрал-жабдықтарымен орналасқан. Мұнда 8 және 16 жас аралығындағы оқушылар 3 модульден тұратын оқу бағдарламасымен оқытылатын болады.
Оқушылар 1-ші оқу модулінде бағдарламалауды игеріп шығады. Онда оқушылар «Scratch», «Python», «Си++», «Java», 2-ші оқу модулінде робототехниканы меңгереді. Онда оқушылар «Лего» және «Арудинно», 3-ші оқу модулінде 3D модельдеуді игереді. Онда оқушылар «Creo Parametric», «Scratch», «SolidWorks » бағдарламаларын меңгеріп шығады.

Дата: 20.11.2018, 10:33 Автор: Школы и сады г. Балхаш