Үштілді білім беру аясында менторлық курс өтті

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-əдістемелік орталығы Қазақтан Республика Білім жəне ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі жəне орта білім департаментінің ұйымдастырумен 2018 жылдың 27 тамызы мен 25желтоқсаны аралығында үштілді білім беру аясында менторлық курс жоспарланған.
2018 жылдың 1-3 қараша күндері Балқаш қаласының білім мекемелерінің химия,биология,физика,информатика пəні мұғалімдеріне Менторлық курстың теориялық жəне практикалық бөлімдері өткізілілді. Курсқа барлығы 49 пəн мұғалімдері қатысты.
Курсты "USTAZ" кəсіби жетілдіру орталығының Қарағанды мен Астана қалаларынан келген тренерлері өткізді. Курс барысында теория мен бірге практикалық көмек ала отырып, пəн мұғалімдері өздері де ағылшын тілінде сабақ фрагменттерін көрсетті. Жаңа оқу жылында осы іс-шаралар өз жалғасын табады.

Дата: 20.11.2018, 10:11 Автор: Школы и сады г. Балхаш