«Тарих тағылымы» атты қалалық бейнероликтер сайысы

Бүгін, яғни 30 қазан күні «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі» КММ-де қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және жалпы білім беретін мектептердің белсенді және дарынды оқушыларын анықтау және олардың ғылыми – ізденіс және жаңашыл іс-әрекеттерін қолдау көрсету мақсатында «Тарих тағылымы» атты қалалық бейнероликтер сайысы өтті. 
Сайыста оқушылардың қазіргі деңгейдегі бейнені өңдеу бағдарламаларын пайдаланып видео өңдеуде тәжірибелік дағдыларының қалыптасқаны, видеоролик жасауда көп ізденіс жұмыстары болғанын олардың роликтерінен байқауға болды. Сайысқа барлығы қала мектептерінің 8-9 сыныптар аралығынан 22 оқушы қатысып 1-ші орынды «Саяқ кенті жалпы білім беретін №6 орта мектеп» КММ-нің 8 сынып оқушылары Тиыштықбек Дидар және Ғазизов Ислам, 2 орынды - «Жалпы білім беретін №8 орта мектеп» КММ – нің оқушысы Қоныров Дарын мен «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебі» КММ –нің оқушысы Бауржанов Жанат иеленсе, 3 орынды - «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі»КММ-нің оқушысы Тлеуғабыл Айнара, «Балқаш қаласының жалпы типті жалпы білім беретін мектеп-интернаты» КММ-нің оқушылары Кездыкбаева Оксана, Штефырцэ Екатерина және "Балқаш қаласы М.П.Русаков атындағы жалпы білім беретін №2 санаторлық мектеп интераты"КММ-нің қатысушысы Омарова Айсұлу, Аяғанова Баян иеленді. Қатысушылар мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталса, қалған оқушыларға қатысушы сертификаттары тапсырылды. Алдағы уақытта осындай іс-шаралар өз жалғасын табады деген ойдамын.

Дата: 16.11.2018, 12:32 Автор: Школы и сады г. Балхаш