"Жыл мұғалімі-2018" іс-шарасы жалғасуда

2018 жылдың қазан айында Балқаш қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес "Жыл мұғалімі-2018" іс-шарасы бастау алды. Ереже бойынша мұғалімдер таныс емес сыныпқа ашық сабақ, сыныптан тыс іс-шара және визит карточкасы бөлімдерінен өтуі керек. Сабақ 10 криитерий бойынша бағаланады. 8 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Айтқұлова өзінің сабаққа қойған оқу мақсатына жету үшін түрлі әдіс-тәсіллерді дұрыс таңдай білген. Шалкиіз жыраудың өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, шығармалары бойынша Би Темірдің тұлғасын айшықтап көрсеткен өлең жолдарынан үзінді келтірді. Өлеңдеріндегі топтың түрлерін ажырата отырып, сөз мағынасына мән берді.

Дата: 16.11.2018, 11:58 Автор: Школы и сады г. Балхаш