"Жыл мұғалімі-2018" іс-шарасының 2 кезеңі

2018 жылдың қазан айында Балқаш қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес "Жыл мұғалімі-2018" іс-шарасы бастау алған болатын. Ереже бойынша мұғалімдер таныс емес сыныпқа ашық сабақ, сыныптан тыс іс-шара және визит карточкасы бөлімдерінен өтуі керек. Байқаудың екінші бөлімі, сыныптан тыс іс шара бөлімі 6 криитерий бойынша бағаланды. Байқау қатысушылары 7 мектеп-гимназияның мұғалімі Исабаева А.Т. мен 6 орта мектептің мұғалімі Кабдиманова А.К. кіші отанымыз Балқаш қаласы, оның өркендеуіне қосатын оқушылардың үлесіне тоқталып, Мәңгілік елдің құндылықтарына баса назар аударылды. Оқушылар туған өлкелері туралы білетін мәліметтерін ортаға салып, ойынға белсене араласты.

Дата: 16.11.2018, 10:24 Автор: Школы и сады г. Балхаш