"Жыл мұғалімі-2018" іс-шарасы 2 кезеңі

2018 жылдың қазан айында Балқаш қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес "Жыл мұғалімі-2018" іс-шарасы бастау алған болатын. Ереже бойынша мұғалімдер таныс емес сыныпқа ашық сабақ, сыныптан тыс іс-шара және визит карточкасы бөлімдерінен өтуі керек. Байқаудың екінші бөлімі, сыныптан тыс іс шара бөлімі 6 криитерий бойынша бағаланды. Байқау қатысушылары 1 мектептің мұғалімі Дерова И.А. мен 10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Игнатенко А.В. "Менің елім-Қазақстан" тақырыбында ашық сабақтарын интеллектуалды ойын ретінде өткізіп, оқушыларды патриотизмге тәрбиеледі. Топ бойынша оқушыларға тапсырмалар беріліп, постер құрастырылды. Оқушылар еліне, туған жеріне деген үлестерін қалай қосуға болатыны жөнінде өз ойларын ортаға салды.

Дата: 16.11.2018, 10:17 Автор: Школы и сады г. Балхаш