"Жыл мұғалімі-2018"

2018 жылдың қазан айында Балқаш қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес "Жыл мұғалімі-2018" іс-шарасы бастау алды. Ереже бойынша мұғалімдер таныс емес сыныпқа ашық сабақ, сыныптан тыс іс-шара және визит карточкасы бөлімдерінен өтуі керек. Сабақ 10 криитерий бойынша бағаланды. Байқау барысында мектепішілік сайыстан үздік шыққан тарих пәні мұғалімдері таныс емес сыныптарда ашық сабақтарын өткізді. Олар: 3 орта мектептің тарих пәні мұғалімі- Е.Алтымбеков., 15 мектеп-лицейі тарих пәні мұғалімі - А.Амирова., 3 интернаттың тарих пәні мұғалімі- Б.Бимбетовалар. Сабаққа қойылған оқу мақсатына жету үшін мұғалімдер әдіс-тәсіллерді дұрыс таңдай білген. Функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар ұтымды жүргізілді. Абылайдың ішкі және сыртқы саясатын талқылай келе қазіргі Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатымен салыстыру барысында сынып оқушылары толық әрі нақты фактімен ұтымды жауап берді. Мұғалімдерге келесі кезеңге өтуіне сәттілік тілейміз.

Дата: 16.11.2018, 9:55 Автор: Школы и сады г. Балхаш