"Жыл мұғалімі-2018" іс-шарасы бастау алды

2018 жылдың қазан айында Балқаш қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес "Жыл мұғалімі-2018" іс-шарасы бастау алды. Ереже бойынша мұғалімдер таныс емес сыныпқа ашық сабақ, сыныптан тыс іс-шара және визит карточкасы бөлімдерінен өтуі керек. 10 криитерий бойынша бағаланды. Байқаудың екінші күні Абай атындағы 2 лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Оразахимова Алуа 7 мектеп-гимназияның 2 сыныбына әдебиеттік оқу пәнінен Әжетайым менің тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа қойылған оқу мақсатына жету үшін мұғалім әдіс-тәсіллерді дұрыс таңдай білген. Функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар ұтымды жүргізілді. Сабақтың тәрбиелік мәні өте жоғары деңгейде өтті. Мұғалімге келесі кезеңге өтуіне сәттілік тілейміз.

Дата: 18.10.2018, 10:18 Автор: Школы и сады г. Балхаш