"Жыл мұғалімі-2018" іс-шарасы бастау алды

2018 жылдың қазан айында Балқаш қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес "Жыл мұғалімі-2018" іс-шарасы бастау алды. Ереже бойынша мұғалімдер таныс емес сыныпқа ашық сабақ, сыныптан тыс іс-шара және визит карточкасы бөлімдерінен өтуі керек. 10 кртитерий бойынша бағаланды. Олар: сабақ барысында функционалдық сауаттылықты дамыту мүмкіндігі, тиімді кері байланыс жасай алу, мұғалімнің шеберлігі, сабақтың тәрбиелік мәні т.б. Байқау қатысушысы 2 мектеп-интернатының мұғалімі Елеубекова Алия 2 лицейдің 4 ә сыныбында қазақ тілі пәнінен, "Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері" тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Сабақта ынтымақтастық атмосфера, кұпия конверт, жұптық әңгіме, топтық жұмыс, түйінді ой стратегияларын пайдаланылды. Теxникалық құралдар, ресурстар қолдану арқылы оқушылардың белсенді қатысуымен сабақ өз мақсатына жетті.

Дата: 18.10.2018, 9:33 Автор: Школы и сады г. Балхаш