«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының облыстық кезеңі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының Қарағанды облысы оқу-әдістемелік орталығы өткізген облыстық кезеңіне Балқаш қаласы бастауыш сыныптарынан 4 авторлық бағдарлама жіберіліп, төртеуі де республикалық кезеңге жолдама алды. №15 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдин Г.Х.-"Көкжиек сызығы" авторлық бағдарламасы, әдістемелік құралымен. Абай атындағы №2 лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Жортарова Н.Н.-"Өлкетану" авторлық бағдарламасы, оқушы дәптерімен. №16 орта мектептіңбастауыш сынып мұғалімі Амандықова С.А.- "Мәтін және сөз" авторлық бағдарламасы, "Оқу шаттығы" оқушы дәптерімен. №17 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Айнекова С.А.-"Секреты речи" авторлық бағдарламасы.

Дата: 14.09.2018, 10:22 Автор: Білім бөлімі