«Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ директор лауазымының бос орнына конкурс жариялайды

«Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ

«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №10 орта мектебі» КММ,

            «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №24 орта мектебі» КММ,

«Балқаш қаласы М.П.Русаков атындағы жалпы білім беретін №2 санаторлық мектеп-интернаты» КММ директоры лауазымының бос орнына конкурс жариялайды

 

 

Мекенжайы:  «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №10 орта мектебі» КММ-100300,  Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Желтоқсан көшесі, №4 үй, телефон – факс 44911;

Мекенжайы: «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №24 орта мектебі» КММ - 100300,  Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Заслонов көшесі, №1 үй, телефон – факс 9-26-05;

Мекенжайы: «Балқаш қаласы М.П.Русаков атындағы жалпы білім беретін №2 санаторлық мектеп-интернаты» КММ - 100300,  Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Сатпаев көшесі, №5 үй, телефон – факс 4-90-21.

 

Азаматтық қызметкердің лауазымдық қызметақысы:

категория

Еңбек еткен жылдарына байланысты лауазымдық қызметақысы(тенге)

бастап

дейін

А-1-3

93245

99988

            Функционалдық міндеттері:

            Қолданыстағы  заңнама мен білім мекемесінің Жарғысына сәйкес, оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық іс-әрекетке қабылданған шешім бойынша барлық жауапкершілікті ала отырып, басшылық жасайды.  Оқу жұмыс жоспары мен бағдарламаларды, оқу үрдісінің кестелері мен өзге нормативті актілерді бекітеді. Оқушылар контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғауын қамтамасыз етеді.

Жұмыс беруші және демеушілермен жұмысты үйлестіреді. Өзіндегі бар мүлік, құралдарға иелік етеді, оқу-материалдық базаның есебін жүргізеді, сақталуы мен толықтырылуын, санитарлық-гигиеналық ережелердің сақталуы мен еңбек қауіпсіздігін  қамтамасыз етеді.

          Кадрларды таңдау мен орналастыруды іске асырады,педагогикалық және тәрбие үрдісінде тиісті деңгейді қамтамасыз етеді.

          Қоғамммен байланысты іске асырады, ата-аналармен жұмысты үйлестіреді. Білім бөлімін жоғары тұрған, қоғамдық және өзге де ұйымдар алдында ұсынады, тиісті есеп беруді дайындау мен тапсыруды қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: білімі – жоғары, жұмыс өтілі білім мекемелерінде кемінде 5 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл, бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "шебер-педагог" санатының болуы.

            Конкурсқа қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңындарынбілуі тиіс.

            Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен және 2018 жылғы 26 маусымдағы №308 бұйрығының өзгерістерімен бекітілген мемлекеттікортабілімберумекемелерініңбасшыларынаконкурстағайындауқағидаларынасәйкес өткізіледі. 

            Конкурсқа қатысуға тиісті құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде ұсынылуы қажет. 

Қажетті ақпаратты мына мекенжайдан алуға болады: 100300, Балқаш қаласы, Уалиханова көшесі 5,  «Балқаш қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі,№ 4 кабинет, анықтама телефондары: 46254, факс 46238

 

 «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ

Date: 12.09.2018, 16:33 Author: Department