Қазақ елінің тілдер күні

5 қыркүйек жұлдызында қазақ елінің ұлы қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы және ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай қаламыздың білім мекемелерінде салтанатты жиындар өткізілді. Бүкіл шаралар Қазақстан Республикасы халқының тілдер күні аясында өткізіліп жатыр. Апта аралығында мектеп оқушылары әр түрлі көрмелерге, жарыстар мен викториналық ойындарға қатысады. Осы шаралар "Тіл тұтастығы - ел тұтастығы" ұранымен өтті.

Date: 5.09.2018, 14:00 Author: Department