Тамыз кеңесі аясында жаратылыстану-математика циклі мұғалімдерінің секциялық жұмысы

29.08.18ж Абай атындағы N2лицей базасында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Төртінші өнеркəсіп революциясы жағдайындағы адам капиталы" тақырыбында тамыз кеңесі аясында жаратылыстану-математика циклі химия, биология, география, математика, физика пəндері мұғалімдерінің секциялық жұмысы өтті.
Секциялық жұмыс барысында қазіргі таңдағы орта білім саласында білім мазмұнын жаңартудағы өзекті тақырыптар қарастырылып,
талданды. Атап айтсақ, "Жаңартылған білім мазмұны бойынша жаратылыстану-математика пəндерінің оқу бағдарламалары","Критериалды бағалау ерекшеліктері", "Үштілділік орта құру ", CLIL пəндік-тілдік кіріктірілген оқыту".
Əр секция тренинг,шебер сыныптар,пікірталас алаңы формасында өтіп, пəн мұғалімдері пікірлерін ортаға салып, қызықты,мазмұнды өтуіне ат салысты.
Секция жұмысында ұсыныстар беріліп,шешім қабылданды.

Дата: 3.09.2018, 9:30 Автор: Школы и сады г. Балхаш