"Ұлттық құндылықтар - ел бірлігі" тақырыбында мектептер арасында 8 сынып оқушыларының қатысуымен бейнероликтер сайысы өтті.

Бүгін, 27 сәуір күні Балқаш қаласы №5 жалпы білім беретін орта мектепте қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру және Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы аясында "Ұлттық құндылықтар - ел бірлігі" тақырыбында мектептер арасында 8 сынып оқушыларының қатысуымен бейнероликтер сайысы өтті. Сайыстың мақсаты Отанымызда тұратын түрлі халықтардың құндылықтары, салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрпына жас ұрпақтың құрмет сезімін қалыптастыру және нығайту болды. 
Сайыста оқушылардың қазіргі деңгейдегі бейнені өңдеу бағдарламаларын пайдаланып видео өңдеуде тәжірибелік дағдыларының қалыптасқаны, видеоролик жасауда көп ізденіс жұмыстары болғанын олардың роликтеріне байқауға болды. 
Сайыста барлығы 20 оқушы қатысып, 1 - орынды №3 орта мектебінің оқушысы Маушева Розалина, 2- орынды №2 лицей оқушысы Əбеуов Дидар, 3- орынды №8 мектептің оқушысы Маратқызы Айсұлу иеленді.Құттықтаймыз!!!

Дата: 28.04.2018, 9:18 Автор: Білім бөлімі