2018 жылдың 27 сәуірінде №9 орта мектеп базасында қалалық Абай оқулары болып өтті.

2018 жылдың 27 сәуірінде №9 орта мектеп базасында қалалық Абай оқулары болып өтті.

ҚР-ның «Тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру және Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын өз шығармаларында қиыстыра қолданған, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев мұрасын жас ұрпаққа таныту, олардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой-санасының қалыптасуына ықпал ету мақсатында 2018 жылдың 27 сәуірінде №9 орта мектеп базасында қалалық Абай оқулары болып өтті.
Байқау үш кезеңнен тұрады. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша 16 оқушы қатысып, №15 мектеп-лицей оқушысы Қордабай Ділназ Абайдың 70 өлеңін жатқа оқып, жүлделі І орынды иеленді. «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша 17 оқушы ішінен №7 мектеп-гимназиясының оқушысы Әбентай Ділназ жүлделі І орынды иеленді. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанға» номинациясы бойынша 12 оқушы қатысып, №16 орта мектептің оқушысы Жанатова Айзат жүлделі І орынды иеленді. Жүлделеріңіз құтты болсын!

Дата: 28.04.2018, 9:12 Автор: Школы и сады г. Балхаш