4 сәуір күні № 2 мектеп-интернатында дәстүрлі «Мектеп күнінің» ІІ кезеңі өтті...

Мектеп күні бағдарламасы 3 негізгі кезең және Астананың 20-жылдығына арналған «Астана - гүлдену мен өркендеудің 20 жылы» атты көрмесін қамтыды.

«Отаным тағдырым» бағытын іске асыру бойынша «Мен Өз Отанымның патриотымын» 1-блогында «Көшбасшы» тақырыбымен патриоттық танымдық ойыны өткізілді. Ойынның мақсаты: өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухын қалыптастыруға өз сыныбында, өз мектебінде, өз қаласында, өз елінде көшбасшы болуға тәрбиелеу. Ойынға үш топ қатысты. Олар, «Эверест», «Art Life», «Алау» топтары. Ойын бірнеше кезеңнен тұрды: «Визит картасы», «Атадан қалған асыл сөз», «Стратег-көшбасшы», «Мен+команда». Әділқазылар алқасы командалардың ұпайларын санап, әділ бағаларын беріп отырды.

«Астана – гүлдену мен өркендеудің 20 жылы» атты көрмесі мектептің 2 қабатында ұйымдастырылды. Бұл жерде мектеп ұстаздары мен оқушылары техникалық шығармашылық, қолөнер үйірмелері мен кітапхана орталығында Астананың көрікті жерлеріне арналып жасалған 3D форматындағы кітаптар, макеттерін ұсынды.

Блок 2 – «Сөз – тілдің көркі» «Шабыт» қалалық жобасын іске асыру бойынша әдеби салон өткізуді көздеді. Әдеби салон жазушы-драматург Оралхан Бөкейдің туғанына 75 жыл толуына арналып өткізілді. Оралхан Бөкейдің өмірбаяны мен шығармаларына тоқталып, автордың «Қар қызы» туындысынан үзінді көрсетілді. Мектебіміздің ұстазы, танымал ақын Жұмабектегі Ардық ақынға өзі шығарған туындысын арнады.

Блок 3 – «Туған жер» арнайы жобасын жүзеге асыру бойынша «Өрле, Казақстан!» атты көнцерттік бағдарламада ән айту, күй орындау, көркем сөз оқу, кіші және ересек хор, би орындау номерлерін қамтыды. Мектеп күнінің барлық тақырыбы Астананың 20-жылдығына және «Рухани жарару» бағдарламасын іске асыруға арналды.

Дата: 5.04.2018, 10:50 Автор: Школы и сады г. Балхаш