«Ұлт болашағы және латын әліпбиі» атты қалалық ақпараттық – насихаттау топ мүшелерімен кездесу болып өтті.

2018 жылдың 29 наурызында №7 мектеп-гимназиясында латын әліпбиіне көшу барысында ұйымдастырылған «Ұлт болашағы және латын әліпбиі» атты қалалық ақпараттық – насихаттау топ мүшелерімен кездесу болып өтті. 
Кездесу №8 орта мектептің кадет сыныптарынан құрылған үгіт тобының насихаттау ақпаратымен ашылды. 
Кездесу барысында қала мектептерінің қазақ тілі мұғалідері мен мектеп оқушылары тақырып бойынша өзек жарды пікірлерін білдірді. Олар: №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жұмажанова Құралай Маратқызы, Абай атындағы №2 лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Балтабай Ақерке, Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бөлеген Жанболат, С.Сейфуллин атындағы №7мектеп-гимназиясының 11А сынып оқушысы Қасымова Перизат, 7Ә сынып оқушысы Қабдыбек Әділ, 10Ә сынып оқушысы Көпбаева Гүлім.
Кездесу соңында қаламызда құрылған ақпараттық – насихаттау тобының мүшесі «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ –нің директорының орынбасары Мухамеджанова Балшырын Кожырқызы да өз пікірін білдірді.

Дата: 2.04.2018, 10:24 Автор: Школы и сады г. Балхаш