«С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі» тақырыбында дәстүрлі мектеп күні өтті.

     20 ақпан күні «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ педагогтардың функционалдық сауаттылығының деңгейін жетілдіру, шығармашылық шеберлігін шыңдау, білім беру жүйесінде жаңашылдықты дамыту және шығармашыл ұстаздардың тәжірибесін тарату мақсатында

«Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі» тақырыбында дәстүрлі мектеп күні өтті.

         «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  «Өлкетану» бойынша география пәні мұғалімі Тусупбеков Батырхан Магрипбекович  «Қаламыздың статистикалық көрсеткіші, даярлық топ мұғалімі Амирбекова Манара Мергазиевна «Өлкеміздің құрметті азаматтары», химия пәні мұғалімі Сатбек Батима Данияровна, биология пәні мұғалімі Балабатырова Гүлнұр  Жанғазықызы  «Өлкеміздің емдік өсімдіктері, пайдалы қазбалары» электронды және 3D оқулықтарын, қазақ тілі пәні мұғ. Сатыбалдина Перизат Алимханқызы  «Туындысы мен тағдыры ұштасқан біздің өлке» атты оқу сауаттылығын арттыруға   арналған тапсырмалар жинағын, орыс тілі пәні мұғалімі Сатанова Шакизат Молдашевна, Ахметжанова Алуа Санакбаевна «Балқаш қаласының архитектуралық ескерткіштері» тақырыбындағы электронды оқулықтарының  және  дидактикалық материалдарының тұсаукесерін жасады.

       «Функционалды сауатты мұғалім» бөлімі бойынша «Көркем  еңбек» пәнінен технология пәні мұғалімі  Рахимберлина Қызғалдақ Орынбаевна«Бұйымды дайындау. Бұйымды безендіру»  тақырыбында 5-сыныптың қыздар тобына, Тлеубекова Мейрамгүл Қанатқызы «Музыкалық аспапты құрастыру» тақырыбында  5-сыныптың ұлдар тобына ашық сабақ өткізді.                                                               

 

 

       Мұғалімнің кәсіби дамуы барысында сандық білім ресурстарын тиімді  пайдалану    бойынша  сабақ фрагменттері көрсетілді. Атап айтсақ, тарих пәні мұғалімі Карибжанов Ержан Тұрарұлы  «Қазақстан  қайта  құру  жылдарында» тақырыбында, химия пәні мұғалімі Ракишева Молдир Аманжоловна«Табиғаттағы су» тақырыбында 8-сыныпта,

орыс тілі пәні мұғалімі Шарипова Гульнур Баймбетовна мен ағылшын тілі  

Жортарова Ажар Қайдарқызы 5-сыныпта, алгебра  пәнінен таңдау   курсы бойынша математика пәні мұғалімі Адильбекова Айгүл Ажановна 10,11-сыныптарда сабақ үзінділері көрсетілді.

 «Шығармашылық идеяларды тәжірибемен ұштастыру» бөлімі бойынша

мектептің даму стратегиясы аясында жүзеге асып жатқан «Зерде» қоғамдастығының (жетекшісі Тлеубекова М.М.), «Серпін» орталығының (жетекшісі  Зейнетуллина Т.К.),«Эрудит» жобасының (жетекшісі  Жаманкузова Г.К.), «Өнер күні» жобасының (жетекшісі  Жақсыбай Г.Ж.), «Ауылдағы он күн»,  «Менің өмірлік таңдауым» жобасының (жетекшісі  Ерубаева Р.Б.)  жұмыстары ұсынылып, оқушылар стартап негізінде мазмұнды, жан-жақты, қызықты етіп қорғады.

Мектеп күні аясында өткен барлық іс-шаралар жоғары бағаланды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата: 22.02.2018, 14:55 Автор: Школы и сады г. Балхаш